Мектеп тарихы

Қарақия аудандық білім бөлімінің «Жетібай ауылы №4 орта мектебі» КММ іргетасы 1964 жылы қаланған. 1964-1991 ж.ж. орыс тілді, 1991ж — 1998 жылдары орыс-қазақ тілді аралас мектеп, 1998 жылдың қырқүйек айынан бастап қазақ (мемлекеттік) тілде оқытатын,білім беру ісінде өзіндік табыстары мен жетістіктері бар алдыңғы қатарлы мектеп болып келеді.
01.09.1992 жылы бітірген, оқуы орыс тілді 1-4 сыныптардың оқушылары осы мектепте ашылатын қазақ сыныптарына ата — аналарының арызы бойынша ауыстырылды. Ералиев аудандық халыққа білім беру бөлімінің 31.08.1992 жылғы №116 §2 бұйрығы негізі 1998 жылы ең соңғы орыс тілді бір сынып, алғаш рет Қазақ тілді бір сынып, 11-сыныпты бітірді. «Аудан мектептеріне дербестік беру туралы» 29.01.1996ж Қарақия ауданы әкімінің
№ 605 шешімі және 01.02.1996ж Қарақия аудандық білім бөлімінің №7 §2 бұйрығы негізінде, 20.01.1998ж мемлекеттік тіркеуден өтіп, ақпан айынан бастап, өз алдына дербестік алып, қазыналық болып есепшоты ашылды.
20.02.1999 жылы Қарақия аудан әкімінің №311 шешімі негізінде жаңарту мақсатында қайта құрылып, 29.04.1999 жылы №1736-1943 ГУ заңды тұлғаны мемлекеттік мекемесі деп қайта тіркелді.
Мектеп 2000 жылдың 19 мамыр айына дейін қазіргі «Балалар өнер мектебі» мен «Қарақия аймақтық ауыл шаруашылық» орнында (типтік емес) және «Спорт зал» үйінде орналасты. Мектептің сыйымдылығы азаюуына байланысты ұжым табандылықпен жұмыстанып, №17 балабақша ғимараттарын, «Айгөлек» балабақша ғимаратын өз балансына тегін алуға қол жеткізді. 2013 жылы №4 орта мектебі 624 орындық жаңа ғимаратқа көшті.
Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берген білім ошағының жетістіктері көп. Олар:
2001-2008 ж.ж.- Аудан бойынша тәрбие жұмысынан тірек мектебі;
2002 ж. «Болашақ» балалар ұйымы жұмыстарынан облыстан III орын;
2001 ж. Бастауыш сыныптарының десант сабақтары байқауынан облыс бойынша I орын,
республикадан ынталандыру;
2010-2011 ж.ж. «Жас мамандар слеты» сайысынан облыстан III орын;
2003-2015 жылдар аралығында ҰБТ қорытындысы бойынша аудан деңгейінде
алғашқы 5-тің қатарында;
2014 ж.- «Математикалық регата» сайысында математик мұғалімдер тобы
облыстан II орын, республикадан III орын;
2014-2015 ж.ж. «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсынан жүлделі III орын;
2016 ж.- облыстық «Мектеп Лигасы» жарысында III орын;
2016-2017жж аудандық «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсы грантын;
2018-2019 жж облыстық «Табиғатпен үндес мектеп» Алғыс хатымен және т.б.
2020-2021 жж облыстық «Табиғатпен үндес мектеп» байқауынан ІІ орын;
2021-2022 жж «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсынан жүлделі II орын;
2023-2024 жж «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсынан жүлделі III орын;
2024-2025 жж «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты конкурсынан жүлделі II орын;
2025-2026 жж аудандық «Smart teacher-smart lesson» хакатон байқауынан І орын;

Фотогалерея