Кәсіптік бағдар беру
1 https://www.instagram.com/reel/DTZpFxPCOtf/?igsh=aWcyaGt0eXdydHpk
2026 жылғы 9 қаңтар күні Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында 11-сынып оқушыларына келесі мәселелер бойынша толық ақпарат берілді:
— Өрт сөндіруші мамандығының ерекшеліктері мен талаптары;
— ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі;
— Оқу барысы, болашақ қызметте кездесетін міндеттер мен кәсіби мүмкіндіктер.
Кездесу оқушылардың мамандық таңдау процесін жеңілдетуге және азаматтық қорғау саласына қызығушылығын арттыруға бағытталды.
———————————————
2 https://www.instagram.com/reel/DTfliAsiC8E/?igsh=MXR1eDU5dW10anoyOA==
🎓 Мектеп пен М. Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжі арасындағы екі жақты меморандумға қол қойылды
Меморандум аясында оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру және колледждің оқу бағдарламасы мен мамандықтарымен таныстыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, 9-сынып оқушыларына арналған іс-шара барысында колледж мамандары оқушыларға оқу үдерісі, колледжде оқытылатын мамандықтар, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және болашақ кәсіби даму жолдары туралы кеңінен мәлімет берді.
Кездесу оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, өз болашағына нақты мақсат қоюына және кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына мүмкіндік берді.
—————————-
3 https://www.instagram.com/reel/DTvZNngiOxd/?igsh=NWNpcXBsbTR3czdx
ҰБТ мен үшін — тек емтихан емес.
Бұл — өз-өзіме қойған мақсат, сабыр мен табандылықтың сынағы.
Кейде қорқыныш, кейде үміт, кейде «мен істей аламын» деген сенім.
ҰБТ мені жауапкершілікке, уақытты бағалауға және арманыма бір қадам жақындауға үйретті.
Бірақ соның бәрі арманға апаратын жол деп сенемін.
ҰБТ-дан қорықпаймыз, біз одан күшті боламыз!
———————————
4 https://www.instagram.com/reel/DUQqOoUjQ3s/?igsh=Ym4wcXJ1Y3FndGQ2
1-сынып оқушылары арасында «Кішкентай зерттеуші» байқауы өтті!
Балалар зерттеуге қызығушылық танытып, алғашқы ғылыми қадамдарын жасады.
Ізденімпаз кішкентай зерттеушілермен мақтанамыз
Жауапты мамандар:
Бердимырадова Ж., Көшен А.
—————-
5 https://www.instagram.com/reel/DUaDSWnCAKN/?igsh=OHBzaTNlYTk4MWdz
«№18 жалпы білім беретін мектеп » КММ-нде “Тағдырымның кілті — өз қолымда” атты ел ішінде жақсы ісімен, жайдары мінезімен, еткен еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленіп жүрген, табандылықпен, адал ниетпен өз жолын тапқан, қолөнер мен тәрбиені ұштастырып, қоғамға үлгі болып жүрген, кәсіптік бағдар беруші, “Тәрбие” қолөнер академиясының директоры, “Тәрбие” ательесінің меңгерушісі, әлеуметтік кәсіпкер,“Тәрбие тағылымы” еріктілер тобының жетекшісі, көпбалалы ана – Сандуғаш Қобланбекқызымен кездесу өтті. Мақсаты: Жастарға кәсіптік бағдар беру, еңбек пен қолөнердің маңызын насихаттау, өзін-өзі дамытуға, өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру. Кездесу барысында сырлы да, салиқалы әңгімелерімен бөлісіп, қолөнер бұйымдары , ойыншықтар жасау шеберлік сабағы көрсетілді. Ұршық иіру насихатталып, ұлттық құндылықтар дәріптелді.
—————————-
6 https://www.instagram.com/reel/DUkzJrciKTO/?igsh=Z2h1NW5nOTg3M3dz
Бүгін мектебімізде Қаңтар ұбт — 2026 сынақ нәтижесі бойынша 11-сынып оқушылары мен ұстаздарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ҰБТ бойынша орташа сапа анықталып, оқушылардың дайындық жұмыстарын одан әрі күшейту мәселесі талқыланды. Наурыз ҰБТ-да оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз.
——————
7 https://www.instagram.com/reel/DWoRAcjCP3C/?igsh=MTJzNnI5ZTdtMHpxMQ%3D%3D
№18 жалпы білім беретін мектебімізге” Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің мамандары келді.
🎓 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі туралы таныстыру жүргізілді.
Аталған колледж – қызмет көрсету саласында білікті мамандар даярлайтын заманауи оқу орны. Мұнда студенттер әртүрлі мамандықтар бойынша білім алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді.
Оқушыларға колледждегі оқу мүмкіндіктері, мамандықтар тізімі, қабылдау талаптары және болашақтағы жұмысқа орналасу перспективалары туралы толық ақпарат берілді.
Мұндай кездесулер оқушыларға өз болашағын дұрыс таңдауға бағыт береді және кәсіби бағдар алуға үлкен көмегін тигізеді.


