Жаңалықтар

1 https://www.instagram.com/reel/DVK9e-ciIIF/?igsh=OWhkdDY2bzU2MTYw

Бүгінгі заманда табысты болудың басты шарты – үздіксіз білім алу. Баламыздың білімге деген қызығушылығын қалай оятамыз? Оқу мәдениетін отбасында қалай қалыптастырамыз?

Осы маңызды сұрақтарға жауап беру мақсатында мектебімізде 10 “б”, 10”в” сынып ата-аналарына арналған педагогикалық қолдау жиналысы өтті.

Сынып жетекшілер:

Шафикова Бибігүл Жұлдызбекқызы

Сьезқызы Айдана

——-

2 https://www.instagram.com/reel/DW8r0eOCImP/?igsh=bm53eXlheHV6MmF4

Тақырыбы:«Бала болашағы – ортақ жауапкершілік».

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығын насихаттау мақсатында мектебімізде ашық есік күні өткізілді.

Аталған шара барысында ата-аналар, ұстаздар және мектеп әкімшілігі бірлесіп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі ортақ міндеттер туралы өзекті мәселелерді талқылады.

——-

3 https://www.instagram.com/reel/DUNibLQiFtF/?igsh=MXhsc2hpODhpMTFhMA%3D%3D

Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуға бағытталған жүйелі педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда. Осы мақсат аясында 10 «А» және 10 «Ә» сыныптарында «Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздік құқығы» тақырыбында ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында сынып жетекшілер тақырыптың маңыздылығына тоқталып, жасөспірім кезеңіндегі баланың тәуелсіздікке ұмтылысы, жеке пікірінің қалыптасуы және құқықтарын дұрыс түсінуі туралы ақпарат берді.

Дөңгелек үстелге қатысқан ата-аналар бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті, баланың өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік беру мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.

—————-

4 https://www.instagram.com/reel/DWxymIwiBDL/?igsh=MWM2bm8zZDEyZzJvbg%3D%3D

Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығы аясында отбасы беріктігін күшейту, әке мен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту, әдебиетке құштарлығын арттыру мақсатында мектебімізде «Әкеммен әдебиет әлемінде» атты шара ұйымдастырылды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды.

І кезең « …Өнер-білім бәрі де , Оқуменен табылған»

ІІ кезең «Кел, балалар, оқылық…»

ІІІ кезең «Үміт еткен көзімнің нұры балам…»

ІҮ кезең «Ата өнері-балаға мұра»

​ «Әкеммен әдебиет әлемінде» —  әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосқан іс-шара болды. Бұл  әке мен баланың бірлесіп уақыт өткізуіне, өзара түсіністік пен сенімділік орнатуына мүмкіндік берді. Әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, әке мен бала арасындағы рухани байланыс пен өзара сыйластықты тереңдетті. Әсіресе, төрт кезеңнен тұратын сайыс барысында олар бір-біріне қолдау көрсетіп, шығармашылық пен шеберліктерін ортаға салды. Қазылар алқасы қасытушылардың өнерін бағалап, жеңімпаздарды мараппаттады.

Фотогалерея