Жаңалықтар
1 https://www.instagram.com/reel/DUFgJxIiHB6/?igsh=NDl2YTJkdW9hb2V5
27 қаңтар күні Инклюзивті білім беру бойынша семинар-тренинг өтті.
«Инклюзивті білім беру: әр бала – құнды тұлға» тақырыбындағы семинар педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды. Кіріспе бөлімде мектеп психологы Сармолдаева Мәдина Жарасқызы «Бәріміз әртүрліміз» тренингін өткізіп, әр адамның бірегей екенін көрсетті. Теориялық бөлімде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шайдуллина Айгул Жасмырзаевна инклюзивті білім берудің мәні, нормативтік құжаттар және бейімделген бағдарламалар туралы кеңінен тоқталды. Семинар барысында педагог-логопед Бегеева Жұлдыз Муздыевна ПДТ балалардың даму ерекшеліктері мен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары жөнінде түсіндірме берді. Іс-шара соңында «Жүрекке хат» жаттығуы арқылы қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Семинар инклюзивті білім берудің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
———————
2 https://www.instagram.com/reel/DUDdBtaiBSK/?igsh=MTF1ZHB3Nmp5bmdmZQ%3D%3D
*Семинар-тренинг*
Тақырыбы: “Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері”
Мақсаты:Педагогтердің сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыратын, оқу нәтижесін жақсартатын тиімді әдіс-тәсілдерді меңгеруіне жағдай жасау және тәжірибеде қолдануға бағыттау.
Іс-тәжірибесімен бөліскен спикерлер:
- Нұрпан Гүлімай-математика пәні мұғалімі
- Боранбаева Гулнафис-география пәні мұғалімі
- Мақсымова Ақтоты-биология пәні мұғалімі
- Жәку Айнұр-ағылшын тілі пәні мұғалімі.
———————————
3 https://www.instagram.com/reel/DT0JrvJCGHM/?igsh=MTVkbWg4azdlNjJtcw%3D%3D
«Заң және тәртіп» жобасы аясында маңызды кездесу өтті
Мектебімізде жоғары сынып оқушыларының қатысуымен құқықтық бағыттағы кездесу ұйымдастырылды.
Шараға мүдделі өкілдер ретінде
🔹 Бисебаев Бердаулет Мақсатұлы – Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы,
🔹 Жалғас Шантаев Қанатұлы – Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші қатысты.
Кездесу барысында алаяқтық, дропперлік әрекеттер, есірткі заттарының заңсыз айналымы секілді қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланып, оқушыларға құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң мен тәртіпке құрмет қалыптастыру.
Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі!
————-
4 https://www.instagram.com/p/DU-PEdNCIzM/?igsh=bHVtOXhocm1vdzZh
Ақтау қаласы прокуратурасы хатына сәйкес, 8-сынып оқушыларына «Закладчик. Мать» атты деректі фильм көрсетілді.
Фильмде жасөспірімдердің жеңіл ақша табу мақсатында есірткі тасымалдау сияқты заңсыз әрекеттерге баруының салдары жан-жақты көрсетіледі. Туынды арқылы мұндай қадамның тек заң алдындағы жауапкершілікке ғана емес, сонымен қатар отбасы тағдырына, ата-ананың жан дүниесіне ауыр соққы болатыны түсіндіріледі. Әсіресе ананың көз жасы мен өкініші арқылы әрбір қателіктің орны толмас зардап әкелетіні айқын беріледі.
8-сынып оқушылары үшін бұл фильм – үлкен өмірге қадам басар шақта дұрыс таңдау жасаудың маңызын ұғындыратын маңызды тәрбиелік құрал. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, зиянды әдеттердің болашаққа тигізер кері әсері туралы нақты мысалдар келтірілді.
————-
5 https://www.instagram.com/reel/DVJj1mqDUGR/?igsh=MWY0OWdhMXZ3MHFmcg%3D%3D
Мектепалды даярлық сыныптар арасында «Мамандықтар әлемі» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді мамандықтармен таныстырып, олардың қызығушылығын арттыру және болашаққа деген сенімін қалыптастыру. Балалар белсенді қатысып, өз өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Жауапты :Тажигулова А
————-
6 https://www.instagram.com/reel/DV7wvpMglk_/?igsh=MTd1ZWFoaXBuc2JyMA==
2026 жылы 16-наурыз күні мектеп оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8–11 сынып оқушыларына арналған «Кітап белгілері емес», «Хулиганка» атты қысқаметражды деректі фильмдер көрсетілді.
Фильм көрсету барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың салдары, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындаудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы әдептілік, жауапкершілік және тәртіп мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Фильм мазмұны бойынша оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар құқық бұзушылықтың қоғам мен жеке тұлға өміріне тигізетін кері әсері туралы өз ойларын айтып, заңды құрметтеу керектігін түсінді.
Осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
